Тараздағы Арнаулы орталықта Елбасы Жолдауы талқыланды

0 16

Ағымдағы жылдың 26 қараша күні «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында», «№51 Бәйтерек бастауыш партия» ұйымының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сөз бастауын бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрат Бердалиев бастады. Халық табысының өсуін Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарына бастап ең төменгі жалақыны 1,5  яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтынын айтты.

2) Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек екендігі сөз болды.  2019 жылдың 1 қаңтардан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық  жауапкершіліктің  қолданылуы шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырылды.

3) Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл күйінің аса маңызды компоненті болып саналады.

2019 жылдың  1 қаңтарынын бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учвскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырылды. Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін  пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы басталады және де облыстық орталығында онкологиялық емхана Тараз қаласына да соғылады.

1.Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй. Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған « Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды.

Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды.

Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыратыны айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.