Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала және аудан имандарының осы жылы атқарған іс- шаралары туралы есеп беру жиыны өтті. Жиында имамдар өздеріне берілген тапсырмалар мен міндеттерді және үстіміздегі жылы атқарған жұмыстарын электронды нұсқа түрінде көрсетті.
Айта кету керек, биылғы жылды ҚМДБ — сы «Ислам және отбасы» жылы деп бекіткен болатын. Осы жылда өңірдегі дін қызметкерлерінің атқарған жұмыстары да аз емес. Атап айтсақ орталық мешіт ғимараты жанынан ұлттық музей ашылды. Сондай-ақ биылғы қайрымдылық іс- шаралары да жылдағыдан көп ұйымдастырылған.
ҚМДБ бізге нақты көрсеткен 4 тапсырмасы бар. Қайрымдылық, теріс ағым, уағыз және діни білім саласы бойынша.Өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылы атқарған жұмыстарымыз 707 шара ұйымдастырылып 14 мыңнан аса адамға көмек жасалған. Оның қаржысы да қомақты, — деді ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр Жұмабай.
Жиын барысында Мүфтияттан жіберілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, тыңғылықты атқарып келе жатқан аудандардың жұмыстарына жақсы баға берді. Биылғы республикалық дін қызметкерлерінің білім деңгейін сараптау жұмысы да біздің өңірден басталған еді.
400 дей имам қатысты. Үлкен кісілер қобалжыды, дегенмен ең жоғары көрсеткіш көрсеткендер көп. Бүгін соларды марапаттаймыз Олар Қордай ауданынан 2- еу, біздің медресе түлегі Сарысу ауданының имамы, — деді Данияр Жұмабай.
Жиын соңында өкіл имам аудандардағы іс- шаралар тек қағаз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде атқарылуын міндеттеді. Білікті имамдар асыл дініміздің қасиетін халыққа толық жеткізіп, өз жұмысын атқаруға күш салып, жат ағымдардан елді сақтауға қалқан бола білсе деген тұжырымға тоқталды.
Дереккөз: Jambyl TV