Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын табыстау бойынша Комиссия ұсынған кандидаттар тізімін бекітті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
2018 жылғы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы ақындарға, әртістер мен сценаристерге берілді.
Елбасы Жарлығы бойынша:
1) Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
2) Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
3) Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;
4) Ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5) Ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін марапат берілді.