Елімізде дизель отынын экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

0 1

Энергетика министрлігі отандық жанармай жаппай Ресейге кетпеу үшін шұғыл шара қолдануға мәжбүр. Өйткені, көрші елге қарағанда  Қазақстанда дизель отыны әлдеқайда арзан. Делдалдар осыны пайдаланып, солярканы заңсыз жолмен де әкетуде. Бұл туралы «ZhambylNews» АА КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Махамбет Досмұхамбетов, Энергетика вице-министрі:

-Дизель отынының бағасын Ресеймен теңестіруіміз керек немесе экспортқа  тыйым салу қажет.  Баға қымбаттаса, тұтынушыға қиын болады. Тіпті, тариф пен азық-түлік құнының  өсуіне  әсер етеді.

Бағаны Ресеймен теңестірсе, дизель отынының литрі 250 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Энергетика министрлігі экспортқа тыйым туралы шешімді жақын уақытта қабылдамақ. Министрлік бұған дейін  қазақстандық солярка жаппай көрші елдің нарығына кетіп жатқанын хабарлаған.  Ал Ресейде жанармай бізден 60 теңгеге қымбат. Осыған қызыққан кәсіпкерлер дизель отынын тонналап шекарадан алып өтуде. Тасымалға тоқтау болмаса, тапшылыққа ұрынуымыз мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.