Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі 365info.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Шара бүгін, 11 желтоқсанға жоспарланған.
Жыл сайынғы телекөпір бүгін сағат 13:00-де «EXPO Конгресс орталығында» басталады.
Шара барысында бүкіл республика бойынша түрлі жаңа жобалар іске қосылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, жиында «Алтын сапа» президент сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2018» байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Марапаттау рәсімі Елбасының қатысуымен өтеді.