Облыста «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер бағдарлама шеңберінде 400 млн. теңге сомасы шамасында 42 өтінім мақұлданды, 300 млн. теңге сомасы шамасында 34 кредит берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалында өткен баспасөз конференциясында филиал директоры Евгений Шарыгин айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Филиал директорының мәліметінше, бүгінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласында Тараз ӘКК ғимаратының 1 қабатында 7-20-25 бағдарламасы бойынша ақпараттық орталығы ашылды. Онда ЕДБ бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алу бойынша кеңес алуға болады. Сонымен қатар, орталықта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Арай ықшам ауданында тұрғызылған үйлерді өткізуді төмендегі рет бойынша ұсынатын қалалық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы өкілдері бар.
1. Әлеуетті сатып алушылар ТКШ қызметкерлеріне жүгінеді және Арай ы/а ұнаған пәтерді таңдап алады.
2. Содан кейін ТКШ қызметкерлері таңдаған пәтерді брондайды және әлеуетті сатып алушыға төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін ЕДБ жолдама береді. Жолдамамен бірге «7-20-25» бағдарламасының қатысушылары болып табылатын ЕДБ тізімі (Халық Банк, ЦентрКредитБанк, АТФ банк, Форте банк, Цесна банк, Еуразиялық банк) көрсетіледі. Сатып алушы қай ЕДБ жұмыс істейтінін және қай кредиттік комитеттен өтетінін өзі анықтайды.
ТКШ алған осы жолдаманы әлеуетті сатып алушы күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей ЕДБ ұсынады.
Бұдан әрі ЕДБ ТКШ жолдаманы берген күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде әлеуетті клиенттің төлем қабілеттігін тексереді (кредиттік комитет). Егер белгіленген мерзімде қарастырмауына объективті себептер болған жағдайда, ЕДБ ТКШ өтінішін қарастыруды қосымша күнтізбелік 15 күнге созуды қажет ететін әлеуетті қарыз алушылардың тізімімен қоса хат жолдайды.
Егер ТКШ жолдамасын алған сатып алушы ЕДБ жүгінбесе және төлем қабілеттігі процедурасынан өткенін растамаса, онда ол пәтер үшін ТКШ тізімінен автоматты түрде шығарылады, ал оның орнын ТКШ резервтік құрамынан алынған келесі әлеуетті сатып алушы алады.
3. Қарыз алушы ЕДБ мақұлдау алғаннан кейін ТКШ сатып алу — сату шартын жасайды және пәтерге техникалық төлқұжатқа тапсырыс береді.
4. Бұдан әрі, қарыз алушы ССШ, техникалық төлқұжатты кепіл шартын жасау үшін ЕДБ тапсырады және банкке алғашқы жарнаны төлейді.
5. Содан кейін ЕДБ ипотекалық қарыз алады.
Бүгінгі күнге Арай ықшам ауданы сатылуға ұсынылған 100 пәтердің ішінен пәтер алуға ниет білдірген қатысушылардың саны шамамен 53 немесе 50% жоғарысын құрайды.
Айта кетейік, басқа облыстармен салыстырғанда Жамбыл облысы мақұлданған және қайта қаржыландырылған өтінімдер саны бойынша республикада Алматы және Шымкент қалаларынан кейін 3 орынды алады.