Қазақстанда металлпластика бұйымдарын шығаратын зауыт жұмысын бастады

0 0

Қазақстанда металлпластика бұйымдарын шығаратын зауыт жұмысын бастады. Зауыт жұмысын бастауға бүгін ЕХРО Конгресс-орталығында өтіп жатқан «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпы ұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздің кешеннің қуаты еліміздің ірі мегаполисінің бүкіл қалдық көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Алматы үшін экология мәселесін шешу — адамдардың өмір сапасын жақсартудың басымдықты міндеттерінің бірі. Біз тек қана ең заманауи технологиялық шешімдерді қолданып, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені пайдалана беретін боламыз», — деді «El Invest Company» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдгар Салдузи.

Ад «Радуга» ЖШС металлпластика бұйымдары зауытының директоры Евгений Ли қайталама полимерлерді қайта өңдеу және халық тұтынатын аса қажетті тауарлар шығаратын металлпластика бұйымдары зауыты атты жаңа жобаны аяқтағандықтарын атап өтті.

«Шекаралық жағдайымызды ескере отырып, жаңа зауыттың барлық өнімінің 20 пайызын экспортқа шығарамыз», -деген ол  Елбасынан өндіріс ошағын іске қосуды өтінді.

ҚР Президенті бұл өндіріс ошақтарының өте маңызды екендігін атап өтті және іске қосуға рұқсат берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.