Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласында өткен салтанатты шарада Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жоғары мемлекеттік награда «Парасат» орденің иегері атанды. Бұл марапатты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі тапсырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асқар Исабекұлы облысқа басшы болып келген он бір айдың ішінде ауыз толтырып айарлықтай көптеген жұмыстар атқарылды. Осы уақыт ішінде өңірдің барлық саласына серпін беріліп, алға басып келеді. Облыс әкімінің бастамасымен баянды шаруалар қолға алынып, толайым тірліктер тындырылуда. Соның бір мысалы ретінде, шаһар шырайына қатысты игі істерді айтсақ та жеткілікті. Бүгінде күн санап облыс орталығының ажары артып, келбеті көркейіп келе жатыр. Оған барша жамбылдықтар, қала тұрғындары куә болып, өз алғыс-ықыластарын білдіруде.
Өңір басшысының бұл марапаты барша Жамбыл облысының мерейі екендігі даусыз. Ендеше, өңіріміз өркендеп, еліміз қарыштап дами берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!!!