Әлемдегі ең алып компаниялар өз жұмысын қалай бастаған?

0 56

Кез келген адамның «ұлы» іс атқарып, алдына қойған мақсатына жеткісі келетіні белгілі. «Ұлы» сөзін біреу спорттан үлкен жетістікке жетіп, рекорд орнату деп түсінсе, екінші біреу гараждан бастау алған кәсіпті одан ары дамытып, мың жылдық тарихы бар компанияға айналдыру деп ойлайды. Қай жағынан қарасаңыз да, екі тұжырымның мақсаты бір жерге тоғысады. Себебі тарихқа көз жүгіртетін болсақ, ондай данышпан адамдар қоғамда аз болмаған. Бұл кісілер ақша тапшылығы, тұрғылықты жердің болмауы, уақыт жетіспеушілігі секілді сан алуан қиындыққа қарамастан, барлығына төтеп бере алды. Төменде әлем деңгейіндегі ұлы жобалар қалай және қандай жағдайда бастау алғандығы туралы сөз өрбітеміз.

APPLE

Әлемге әйгілі Apple компаниясы дүниежүзіндегі ең мықты технологиялық компания болып есептеледі. Оның негізін қалаушы Стив Джобс өмірлік кәсібін ата-анасының гаражынан бастаған. 1976 жылы 21 жастағы Стив Джобс пен 26 жастағы Стив Возняк әрқайсысы 500 АҚШ доллары болатын 50 компьютерді жергілікті дүкенге арнап өз қолдарымен 30 күн ішінде құрастырып шыққан.

AMAZON

1994 жылы Джефф Безос Amazon-ды бастапқыда кітап саудалайтын ғаламтор дүкені ретінде ашқан. Оның барлық жұмысы сол баяғы қағида бойынша гараждан басталған. 1995 жылы шілде айында компания өзінің алғашқы кітабын баспаға шығарып, саудалаған болатын.

HARLEY DAVIDSON

1901 жылы Уильям Харли өзінің велосипедіне қозғалтқыш орнатады. Кейіннен осыны негізге алған көптеген идея туады. Харли мен оның досы Артур Дэвидсон жаңа қозғалтқыш жасап шығарып, кішкентай сарайда өздерінің алғашқы ағаш мотоциклын жинайды. Осылайша, Harley-Davidson танымал мотоцикл өндіруші компаниясына айналады.

YANKEE CANDLE

Әлемде мереке шырағданын өндіру бойынша бірден бір  көш бастаушы компания YANKEE CANDLE болып табылады. Бұл компанияның құрылуы сонау 1969 жылы Майк Китредждің гаражда жасап шығарған балауыз шырағданынан бастау алған. Ол жанып тұрған шырағданды өзінің ата-анасына алғашқыда сыйлық ретінде тарту еткісі келіпті. Содан шырағдан көпшілік қауымға ұнап, бұл жоба ары қарай өз жалғасын тапқан.

MICROSOFT

1975 жылы Билл Гейтс пен Пол Аллен барлығына танымал Microsoft компаниясының негізін салады. Ол IBM компаниясына 80 000 АҚШ долларына бағаланған бағдарламалық тапсырыс жасаған. Қазірде Windows бағдарламасының нарықта қолданыста жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болды.

MAGLITE

1955 жылы Энтони Маглик небары 125 долларға өзінің алғашқы білдегін сатып алады. Кейіннен кішкентай гараждан бастау алған қалта шамы әлемдік брендке айналды. Қазіргі кезде теледидардан көріп жүрген Америка сақшылары Maglite қол шамын пайдаланып жүр.

Дереккөз: Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.