Жыл өткен сайын «Қазпошта» АҚ ұсынатын қызметтер жанданып келеді. Қызмет көрсету аясы жақсарып, цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Бас-аяғы ағымдағы жылдың ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында 100-ден астам франчайзинг нүктелері ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ, көптеген сәлемдемелер супермаркеті мен фулфилмент-орталықтары бой көтерді. Кеше ғана Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпірде Н. Назарбаев Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы фулфилмент-орталықтарын іске қосты. Өңірлердегі пошта жұмыстары да едәуір дами түсті. Мәселен, Жамбыл облыстық Қазпошта бөлімшесінде ағымдағы жылда 11 сәлемдемелер супермаркеті ашылған. 15 франчайзинг нүктесі жергілікті тұрғындарға қызмет етуде. Облысқа қарасты ауылдық елді мекендердегі пошта бөлімшелерінде қаржылық және пошталық қызметтер жандана түсті. Нәтижесінде, ауылдағы ағайын қалаға бармай-ақ, тиімді қызметтерді тұрғылықты мекенінен алатын деңгейге жетті.
«Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалында қандай жаңашылдықтар орын алды? Биылғы жылдың басты жетістіктері қандай? Қиындықтармен қалай күресті? Бөлімшенің ерекшелігі неде? Осы және өзге де сауалдардың жауабын білу үшін «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Болысбек Пірәлімен сұхбаттасқан едік.
Биыл сіздердің филиалдарыңызда қандай жетістіктер орын алды? Қандай қызметтер өсіп, қайсысы төмендеді?
Біздің филиалдың мақтанып айтар жаңалықтары өте көп. Жамбыл облыстық филиалы жоспардың орындалу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 111%-ға жетті. Мәселен, ағымдағы жылда сәлемдемелерді жіберу 23%-ға, ірі көлемді пошта жөнелтілімдері (КГПО) 54%-ға, ЕМS жөнелтілімдері 35%-ға өскенін байқап отырмыз.
Жалпы айтқанда, Қазпоштада үш бағыт бойынша қызмет көрсетіледі: пошталық, қаржылық және агенттік. 2018 жылы осы бағыттардың әрқайсысы қалай дамыды? Қандай жаңашылдықтар енгізілді?
Жамбыл облысы бойынша 11 сәлемдемелер супермаркеті ашылды. Оның 9-ы аудандарда орналасса, қалған 2-і қалада орналасқан. Карталарды ресімдеу жұмыстарында AliExpress карталарының жалақы және зейнетақы жобасы бойынша жоспарды 111%-ға орындап отырмыз. Сонымен қатар, несие рәсімдеу қызметі қазіргі таңда өте қарқынды дамуда. Ол бізге нағыз табыс көзі болып табылса, қарапайым халық үшін өте ыңғайлы. Яғни, қалаған кезде пошта бөлімшелерінен кредит рәсімдей алады. Осыған сәйкес, бүгінде 4 банктің қызмет көрсетіп жатыр. Жуырда «Альфа банк» тарапынан ұтыс ойнатылып, 3 қызметкеріміз Тайланд еліне барып келу жолдамасын ұтып алды. Олар: директор орынбасары А.Ш. Ахметов, Сарысу АПБТ операторы – А.Токкулиева, ООУ операторы – Н. Сапақов. Осы қалыпта жұмыс істей берсек бұдан да жақсы көрсеткіштерге жетерімізге сенеміз.
Бөлімше үшін биыл қандай қиын жағдайдар болды? Сол сынақтар мен қиындықтарды қалай жеңді?
2018 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 111%-ға жоспарды орындап, Қаржылық бизнес департаментінен «Үздік сату бөлімі» деген жылжымалы кубогын алдық.
Баршамыз білетіндей, 2018 жыл Қазпошта үшін франчайзингтың белсенді даму жылы болды. Осы бағыттің сіздің облысыңыздағы ахуалы қалай?
Жамбыл облысындағы жағдайға келер болсақ, өңірдегі мұндай орталықтар 2018 жылдың мамырынан бастап ашыла бастады. Қазпоштамен серіктестікке отырған өңірдегі тұңғыш компания – «Ibraxim&D» ЖШС. Мұндай серіктес компаниялардың саны бүгінде 15-ке жеткен. Қазіргі уақытта 14 франчайзинг нүктесі ашылуға құжаттарын жинап, толықтырып жатыр. Соңғысы облысқа қарасты Байзақ ауданынан ашылды. Жыл соңына дейін олардың санын 35-ке жеткізу жоспарлануда. Қала бойынша 3 серіктес болса, аудан көлемінде 12 франчайзинг нүктесі жұмыс істеуде. Жаңа орталықтар халыққа ыңғайлы аумақта орналасқан. Онда көрсетілетін қызмет құны Қазпоштаның бөлімшесінде көрсетілген бағамен бірдей.
Ауылдардағы жағдайды айтып бересіз бе? Ондағы пошта бөлімшелері қалай жаңғыртылып жатыр?
Ауылдық жерлерде пошталық қызметтердің тиімділігі өте жоғары. Атап айтқанда, 4 банктен несие рәсімдеуге болады: Альфа банк, Хоум Кредит Банк, Еуразиялық Банк, Азия Кредит банкі. Бұндай қолжетімді несие рәсімдеу тек қана «Қазпошта» АҚ-да ғана бар. Жамбыл облыстық филиалында «верификация» жобасы бойынша 65 нүкте бар. Оның 6 нүктесі қалалық жерде орналасқан болса, қалған 59 нүкте ауылдық жерде орналасқан. Ауыл тұрғындарына несие рәсімдеу үшін немесе оны төлеу үшін қала мен аудан орталықтарына келудің қажеті жоқ. Өйткені, бұл қызметтерді ауыл поштасынан-ақ алуға болады. Бұған қоса, теміржол және әуе билеттерін де алуға болады. Барлық пошта байланыс бөлімшелері автоматтандырылған.
Қазпоштада персоналға арналған қызықты мотивациялық бағдарламалар көп. Сіздің қызметкерлеріңіз оларға қатыса ма?
Қызметкерлерге атқарған жұмыстарына байланысты әртүрлі мотивациялар қарастырылған. Мәселен, әрбір операторға жасаған жұмыстарының көлемі мен нәтижесіне сәйкес қосымша жалақы төленеді. Әр ай сайын төленетін бонустар қызметкерлеріміздің өз еңбегінің жемісі деп білемін. Еңбек жалақысынан 2, 3, 4 есе көп алатын операторларымыз да бар. Жаңадан келген қызметкерлеріміз де бұндай мүмкіндіктерге ие екенін айта кетсем болады.
Қазпоштадағы филиалдардан сіздің филиалыңыз несімен ерекшеленеді?
Жұмысқа деген құштарлығы мен іскерлігі арқылы ерекшеленеді. Осы жоспарды орындап, жұмыс сапасының артуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді мақтанышпен айта аламын: А. Өмірбеков, Г. Е. Кервенева, Г. Өмірзаққызы, А. Ракишев, Қ. Сметов, Р. Бекішова, Д. Жаппасов, Ә. Калыгулов, Ф. Қуанышева, А. Ералиева, М. Абдуллаева, Г. Макашева.