Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тікелей эфирде көрермен сұрақтарына жауап береді (ВИДЕО)

0 1

Бүгін сағат 19.00-де жергілікті «JAMBYL» телеарнасында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен «Әкім сағаты» хабары өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Тікелей эфирде өтетін хабарда Асқар Исабекұлы өзі басшылыққа келген бір жылға жуық уақыт ішінде аймақта атқарылған ауқымды жұмыстар туралы жан-жақты баяндайтын болады. Өңірді өркендету жолындағы оң өзгерістер мен баянды бастамалардың барысы жайлы да айтылмақ. Облысқа қатысты алдағы жоспар, экономикалық – әлеуметтік дамыту шаралары, Тараз шаһарының шырайын арттыруға арналған жұмыстар туралы толығырақ білгіңіз келсе, «JAMBYL» телеарнасындағы арнайы хабарды жіберіп алмаңыздар!

Көкейдегі көп сауалдарыңызды тікелей эфирде жолдап, жауаптар алуларыңызға болады. Қояр сауал, айтар ұсыныстарыңыз болса сіздер үшін арнайы «Call Center» орталық жұмыс істеуде, сонымен қатар, ресми taraztv.kz және ФЕЙСБУК парақшалары арқылы да сұрақ жолдауға болады.

Алдын ала қояр сауалдарыңыз болса, 45-09-86 нөміріне хабарласуға болады. Ал тікелей эфир нөмірі 45-38-00.

Leave A Reply

Your email address will not be published.