«Атакент-Тараз Азия» ЖШС базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

0 1

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметімен жауынгерлік дайындық жөнінде өртке шұғыл ден қою мақсатында, жоспардан тыс Тараз қаласы Тәуке хан көшесі «Атакент-Тараз Азия» ЖШС базарында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Оқу-жаттығуға Тараз қаласы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелері (№15 МӨСБ, №1МӨСБ, №1 ӨСБ, №3ӨСБ), кезекшілік өрт сөндіру қызметі мен Өрт сөндіру қызметінің басқарма қызметкерлері және «Жедел құтқару жасағы» Мемлекеттік мекемесі, «Апаттар медицинасы орталығы» Мемлекеттік мекеме филиалының қызметкерлері, сонымен қатар Жергілікті полиция, Жедел жәрдем қызметтері жұмылдырылды.

Өрт сөндіру қызметінің 8 өрт сөндіру техникасы және 40 адам жеке құрамы қатысты. Өрт-тактикалық оқу мақсаты, аталған нысанда шартты өрт сөндіруді ұйымдастыру мен жүргізу бойынша барлық  аға басшы және қатардағы жеке құрамын практикалық машықтандыру, сонымен қатар өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қаладағы басқада қызметтермен және  базар персоналдарымен өзара әрекеттесу жұмыстары пысықталды.

Жаттығу ойламасы бойынша Тараз қаласы «Атакент-Тараз Азия» базарының киім- кешек сату орынында (павильонында) электр құралдарының қысқа тұйықталуынан өрт оқиғасы орын алуы бойынша болды.

Біріңғай кезекшілік байланыс қызметінің бағыттаушыларымен №2 жоғарғы шақыруы бойынша шарты өртке Тараз қаласы гарнизонының өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.

Туындаған өрт оқиғасы орнында өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылып, киім-кешек сату орындағы (павильондағы) өрт ошағына   сөндіруге 6  «А»  оқпаны, сонымен қатар көрші ғимараттарды қорғауға 1 «Б» оқпаны және шатыр құрамаларын қорғап суытуға 1 лафеттік оқпаны  берілді.   Газ-түтіннен қорғау қызметінің 6 буыны құрылып, қауіпсіздік бекеттері қойылды.

Шартты өрттің алаңы 467 шаршы метрді құрады. Екі зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді. Бөлімшелердің алдына қойылған тапсырмалар табысты орындалып, оқу-жаттығу нәтижесі бойынша шартты өрт сөндірілді. Оқу-жаттығу қатысқан барлық күштер мен құралдар сапқа тұрғызылып, Мекеме және базар басшылығымен өткізілген оқу-жаттығу нәтижесі бойынша жетістіктер мен кемшіліктер айтылып ескерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.