Бүгінгі ауа райы қандай болады?

0 3

Синоптиктер желтоқсанның 19-на арналған ауа райы болжамын жария етті,  -деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда ауа райы әлі де құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, тек еліміздің батысы, солтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар аумақтарында көктайғақ болады.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.