Күндізгі ұйқы пайдалы ма?

0 2

Ұйқының қанбауы көпшілікке таныс жағдай, сондықтан күндіз ұйықтап алғымыз келіп тұрады. Ғалымдардың айтуынша, түскі ұйқы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімді азайтады, ми және көру жұмысын жақсартады, ағзаны қалпына келтіреді. Ол үшін қалай дұрыс ұйықтау керек?

Ұйықтаудың мақсатын анықтаңыз

Егер қалыпқа келгіңіз келсе, кешке баяу ұйқы фазасында көз жұмып алыңыз. Күш жинап алу үшін бір жарым сағат жеткілікті. Ал егер шығармашылық сергектік керек болса, күндіз ұйықтап алған жөн. Жылдам ұйқы фазасы шамамен бір сағатты алады.

Қысқа ұйқыдан (20 минут) да пайда бар: ол ұйқысыздықтың салдарынан құтылуға көмектеседі. Одан соң азырақ ұйқылы бола түсесіз, ал басыңыз алдағы екі сағат бойы жақсырақ жұмыс істейді.

Нешеде жатқан дұрыс?

Ұйқыға арналған жақсы уақыт – 14:00-ден 16:00-ге дейінгі аралық, бұл кезде баяу және жылдам ұйқы фазалары теңеседі. Яғни, таңертеңгі ұйқыдан тұрғаннан кейін 6-8 сағаттан соң жату керек. Бірақ егер ұйқыңыз келмесе, өзіңізді арнайы мәжбүрлеудің қажеті жоқ.

Оның орнына кофе ішсе, не болады?

Калифорнияда бір кесе кофе мен күндізгі ұйқыны салыстырған. Ұйқы есте сақтаудың жұмысын жақсартатындығын, ал кофеин оны нашарлатады немесе тіптен, әсер етпейтіндігін анықтаған.

Ендеше, түнде ұйықтамауға бола ма?

Толыққанды түнгі ұйқыны ештеңе ауыстыра алмайды. Ғалымдар «көп фазалық ұйқы» әдісін де қолдамайды. Мысалы, Леонардо да Винчи әр 4 сағат сайын 15-20 минуттан ұйықтайтын болған. Осылай ұйықтамай жүруге болады деп санаған, бірақ ғалымдар бұл теорияны жоққа шығарды.

Неліктен түнгі ұйқы маңызды?

Біз өміріміздің шамамен үштен бір бөлігін ұйқыда өткіземіз. Ол мидың жұмысын реттейді, тыныштандырады және депрессиямен күресуге көмектеседі. Ұйқының өміріміздегі маңыздылығы туралы толығырақ оқыңыз.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.