Джеки Чан Димаш Құдайбергенге сыйлық жасады

0 2

Қазақстандық әнші де бала кезден сүйіп өскен актёрына қазақстандық заманауи шапан кигізді. Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа үнтаспасының тұсаукесеріне барып, сүйікті актёрымен кездесті және бір-біріне сыйлық жасады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен бөлісті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA BNews.kz-ке сілтеме жасап.

«Джеки ағаның қарапайымдылығы туралы айтпаса да белгілі. Бала кезден сүйіп өскен актёрым маған әрдайым көріскенде батасын беріп жол сілтейді. Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымдағы Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім. Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет», — деп жазды Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, ол күллі әлемді аузына қаратқан кісі осыншалық қарапайым болып жүргендігі қатты қуантатынын атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.