Бүгінде Жамбыл облысының аумағында 560 оқушысымен 28 «Жас құтқарушы» үйірмелері жұмыс атқарады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жамбыл облысы ТЖД азаматтық қорғау саласына білімді насихаттауға, халықты және мамандарды оқытуға, сонымен қатар табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан халықтың жаппай қауіпсіздігі мәселесіне бағытталған жоспарлы іс-шаралар өткізіледі. Осы орайда, аудандардың, қаланың, облыстың білім басқармасымен жұмыс атқаруға ерекше назар бөлінеді, олармен жыл сайын оқу жылдарына сабақ жоспарлары құрастырылып бекітіледі. Оқыту бағдарламасына экстремалды және төтенше жағдайлар болуы кезіндегі іс-әрекеттерге жас құтқарушыларды дайындауға оқу жылына бөлінген 126 сағат кіреді.
Осы жұмысты ұйымдастыру үшін азаматтық қорғау саласындағы қоғамдық өзін-өзін тану сұрақтары талқылануда. Оның біреуі жас құтқарушылар үйірмелерін құру және ұйымдастыру болып табылады. «Жас құтқарушылар» үйірмелерінің негізгі қызметі төтенше жағдайлар қаупі және орын алуы кезінде азаматтардың іс-әрекеттерін насихаттау және оқытудың айқын құралы болып табылады.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданының «Самсон» командасы Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы «Жас құтқарушы» арасындағы Республикалық балалар жасөспірім жарысына қатысты. Бұл іс-шараға Республиканың 12 облысы қатысты, «Самсон» командасы қола жүлдесіне ие болды.