Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына қажетті судың 80 пайызы көрші Қырғыстан елінен келетіні белгілі. Сондықтан су көлемін арттыру кезек күттірмейтін мәселе. Осыған орай, Тараз мемлекеттік университетінде халықаралық ғылыми – практикалық конференция болып өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Орталық Азия аймағының және көршілес елдердің сарапшыларын су ресурстарын басқаруға арналған тәжірибелерімен бөлісу бүгінгі конференцияның басты мақсаты. Су тіршілік көзі екенін ескерсек, оны тиімді пайдалану қазіргі таңда үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жиында осы және басқа да мәселелер сөз болды.
Нұрлан Балғабаев, «Қазақ-Су» ғылыми зерттеу институтының директоры:
— Орта Азия елдеріндегі су мәселелерін шешуді қарастыру. Осыған байланысты бүгінгі конференцияға Өзбекстан, Қырғызстан және өз еліміздің ғалымдары қатысуда.
Жамбыл өңірі шаруаларының жыл сайынғы басты мәселесі су тапшылығы. Сондықтан заманауи технологиялар арқылы жаңбырлатып және тамшылатып суару әдісі аймақта кеңінен таралуда. Бұл өз кезегінде суды үнемдеп пайдалануға сеп болары анық.
Бұдан бөлек, конференция барысында Өзбекстандық белгілі профессор Виктор Духовныйдың «Орталық Азиядағы су: өткені, бүгіні, келешегі» деп аталатын кітабының тұсаукесері болды. Бұл су саласындағы мамандардың білімін одан ары жетілдіруге мүмкіндік бермек.
Дереккөз: Jambyl tv