Денемізде болып жатқан жағымсыз өзгерістердің барлығын біз ағзадағы дәрумен жетіспеушілігімен байланыстырамыз. Бірақ, дәл сол дәрумендер туралы не білеміз? Бүгін ағзадағы маңызды А дәрумені туралы ақпаратпен бөлісеміз:
А дәрумені не үшін керек?
А дәрумен — иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті маңызды биологиялық қосылыс, сонымен қатар зат алмасу үрдісінің жұмысын тұрақтандырады. А дәрумені ретинол формасына ену арқылы ағзадағы барлық ұлпада (сүйектен бастап, бұлшық ет, ішкі ағзалар, тері мен тіс) кездеседі. Өсу мен жарақат (ауру) жазылуды қамтамасыз етеді.
А дәруменінің маңызды қазметтерінің бірі ағзадағы бос радикалдарды байланыстыра отырып, олардың жағымсыз әсерін азайтады. Одан бөлек, қартаю және рак жасушаларының даму үрдісін баяулатады.
А дәрумені сау тері үшін:
Ретинол (А дәрумені) тері жасушалары мен ұлпаларының саулығын нығайту үшін, сонымен қатар, жарақаттан соң тез қалыпқа келуі үшін қажет. Ретинолдың маңызды қызметтерінің бірі – ағзадағы ұлпалардың қалпқа келтіруші коллаген синтезін жылдамдатады.
Еске сала кетейік, жас ұлғаған сайын коллоген синтезі баялайды да, нәтижесінде теріге әжім түсе бастайды. Косметика мен арнайы жақпай майлардың құрамында А дәруменінің аналогы саналатын ретиноидтар болады.
А дәруменінің күндік нормасы:
Ер адамдар үшін – 900 мкг; Әйел адамдар үшін – 700 мкг; Жасөспірімдер – 600 мкг; Балалар – 300-400 мкг көлемінде тұтыну керек. Жүктілік кезінде әйел адамдарға күнделікті нормадан сәл көбірек қолдануға рұқсат етіледі. А дәурменің үздіксіз көп мөлшерде қолдану интоксинация, яғни, ағзада ыдырамай жиналып, улы затқа айналуына алып келеді.
А дәруменінің жетіспеушілігі:
белгілер Жартылай өнделген өнімдер, ұнды тағамдар, дәнді дақылдарды үздіксіз қолданысы А дәруменінің ағзадан қашуына алып келеді. Майсыздандырылған өнімдер жағдайды ушықтырып, ағзадағы бар А дәруменінің жойылуына алып келеді.
А дәруменінің жетіспеушілігі адам иммунитетіне айтарлықтай әсер етеді: үздіксіз аурулар, тұмау мен жұқпалы дерттерге жиі шалдығу. Одан бөлек, көздің көруіне де әсер етеді. Тері құрғай түседі, шаш түсіп, тырнақ сынғыш болады. А дәруменіне бай тағамдар: А дәруменінің негізгі көзі – ет өнімдері, одан бөлек, уылдырық, балық және өзге де жануарлардың бауырларында, жұмыртқа, ірімшіктің барлық түрінде, сары май мен майлы сүзбеден алуға болады. Көкөніс пен жемістерде А дәрумені кездекенімен, олардың мөлшері өте аз. Сондықтан, ет пен сүт өнімдерінен бас тартпаған жөн.
Дереккөз: massaget.kz