Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

0 37

Тараздағы «Баласағұн» ОКЗ-да облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасының шамы жағылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Мерекелік шараға барлық аудандар мен Тараз қаласынан 9 бен 13 жастың аралығындағы жүз бала қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар арасында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балалар бар.

Өңір басшысы да көңілді мерекеде кішкентай балалардың қолдарынан ұстап, шыршаның жанынан табылды. «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты облыс әкімінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасына қатысушылардың назарына арнайы мәдени бағдарлама ұсынылды. Сәні мен салтанаты жарасқан мереке барысында бас кейіпкер Аяз ата мен Ақшақар, ертегілер елінен келген кейіпкерлер кештің көркін қыздырды. Өз кезегінде бүлдіршендер де мың бұрала би билеп, әсем ән шырқады.

Мерекелік кеш барысында облыс әкімі бүлдіршіндерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, кішкентай қонақтарға сыйлықтар, жылы күртеше, жұмсақ ойыншықтар мен тәттілер табыс етті.

Шаттық пен думанға толы жаңа жылдық шыршадан балақайлар үлкен әсермен қайтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.