Жамбылдық құтқарушылар көмекке зәру балаларға сыйлық таратты

0 0

Жаңа жыл қарсаңында әр адам кішкентай болса да кереметті қалайды. Осы орайда, облыстық ТЖД және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты түрде қайырымдылық іс-шараларын өткізеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар көмек пен қолдауды қажет барлық жандарды назардан тыс қалдырмауға тырысады.

Жаңа жыл қарсаңында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тұрмысы төмен отбасылардағы мүгедек балаларға көмектесуге, қуаныш сыйлауға, өз баласының өмірі мен бақытты болу құқығы үшін күресіп жүрген ата-аналарға қолдау көрсетуге бел буып, даму ерекшеліктері бар балалар тұратын орындарға барып, оларға тәттілері бар түрлі-түсті рюкзактар түріндегі сыйлықтарды табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.