Тараздық компания «Алтын сапа» сыйлығын алды

0 0

Тараздық «Новаком Техноложи» компаниясы биыл президенттің «Алтын сапа» белгісімен марапатталды. Бұл кәсіпкерлерге сапалы өнім шығарғандығы үшін берілетін жоғарғы марапат. «Новаком Техноложи» компаниясы қазіргі таңда IT-технология саласындағы өнімдерді шығарумен айналысады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Новаком Техноложи» компаниясы бұрын Жамбылда болмаған жұмыстармен айналысуды мақсат етіпті. Мәселен, қазір кәсіпкерлік нысаны ағылшындық телефон дүңгіршектері, бірлік қабылдайтын терминалдар мен мекемелерге қойылатын турникеттер шығарады. Бұл заттар бұрын біздің өңірге Ресейден немесе Қытайдан әкелінетін. Осының арқасында болашақта Тараз қаласының көшелеріне Лондон аялдамаларындағыдай қызыл дүңгіршектер қойылады. Оның ішінде тұрғындарға түрлі төлемдерді төлеп, қала жөнінде ақпарат алуға болады.

Жеке кәсіпкерлік бүгінгі таңда өздерінің турникеттерін Тараздағы мемлекеттік колледждерге орнатуда. Оның басты ерекшелігі турникетке картаны тигізген кезде монитор арқылы сол адамның түрін де көрсетеді. IT- технология саласындағы мұндай жаңалықтарды жасап жатқан да Тараздық жас мамандар. Бұл жұмыстардың барлығы жуырда ашылған Тараз-хаб орталығында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке көрсетіліп, аймақ басшысы тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Бахадүр НҰРМАТОВ IT- ТЕХНОЛОГ:

— Мен төрт жылдан асты. Осы компанияда қызмет етемін. Өзіме жаңа заманғы технологиямен жұмыс істеу ұнайды. Қазір біз осы цехта телефон терминалдарын жасап жатырмыз. Бір қарағанды қиын көрінгенімен, жұмыс өзімізге оңай. Терминалдың ішкі бөлігін компьютер арқылы жасаймыз да, сыртқы бөлігін екінші цехта құрастырамыз. 

Заманауи бағытта жұмыс істеп жатқан Жамбылдық компания алдағы уақытта жаңа нысан соғып, қазіргі цехтың көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Сол арқылы өңірімізде айти технология саласын дамытуға ат салыспақшы.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.