Асқар Мырзахметов жамбылдықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

0 13

Құрметті жамбылдықтар!

Сіздерді төрімізге шыққалы тұрған жаңа 2019 жылмен құттықтаймыз!

Жаңа жыл — өткен жылға көз жүгіртіп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылып, жаңа жоспарлар, арман-ойлар айқындалатын, қуанышқа толы ғажайып мереке.

Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін және біздің өңіріміз үшін де тарихи және саяси оқиғаларға толы, табысты жыл болды.

Мемлекет Басшысының саясаты негізінде, облысымызда бірқатар әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелер шешіліп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда.

Коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда, жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп халық игілігіне берілуде. Өндіріспен ауыл шаруашылығында межелі көрсеткіштер орындалып, оң индикаторлар орын алуда.

Келер жылда бақыт пен табысқа кенелетін, игілік пен парасат, баяндылық пен өсіп-өркендеудің, үміт пен тілектердің орындалатын жылы болғай! Баршаңызға елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз. Мемлекетіміздің мәртебесі мерейлі болып, абыройы арта берсін!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов

Leave A Reply

Your email address will not be published.