Таразда заңсыз соғылған құрылыс нысандары бұзылуда

0 2

Тараз қаласында заң талаптарына сай келмейтін 20 кәсіпкерлік нысан анықталды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Бүгінгі күнге заңсыз соғылған 20 нысанның 4-і бұзылуы тиіс. Әкімдік тарапынан Тараз қалалық сотына арыз шағым жолданған. Ал 13-не 2 млрд. 207 млн. теңге айыппұл салынды.

Желтоқсан көшесі 86 а мекен жайындағы ғимаратты кәсіпкер ешқандай рұқсат қағазсыз, «қызыл сызыққа» жобадан ауытқып, күрделі құрылыс нысанын салған. Ғимарат ішінде 20 шақты сауда нүктелері орналасқан. Уақытша, жеңіл құрылылымнан ғимарат тұрғызуға берілген жерді, кәсіпкер, өз мақсатына пайдаланып мамандардың рұқсатынсыз ауыр монолиттік бетоннан сауда орнын тұрғызып, кәсіп көзіне айналдырған. Қаланың бас жоспарына сәйкес, соғылатын құрылыс нысандары көшенің орта сызығынан 30 м қашықтықта болуы тиіс болса, ал бұл сауда орны 4-5 метр жерде орналасқан. Беталды салынған нысан осы маңайдағы көпқабатты тұрғын үй иелерінің жүріп тұруына кедергі келтірген. Тұрғындардың арызданумен, соғылған нысан сотта қаралып, құрылыс нормалары орындалмағаны дәлелденген.

Анықталған нысандардың барлығына сот шешіміне сәйкес шара қолданылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.