Меркі ауданында асыл тұқымды мал басы артып келеді

0 13

Меркі  ауданында асыл тұқымды мал басы артып келеді. Оның өзі ет және сүт өнімерімен тек өңірді ғана емес, шетке шығаруға да мүмкіндік беруде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Меркі ауданына қарасты Қостаған аулында орналасқан «Медеу шаруа қожалығы кезінде ауыл аймағындағы қараусыз қалған мал ұстау базасын сатып алған. Оны күрделі жөндеуден өткізіп,  кәдеге жаратып отыр. Атап айтқанда мал бордақылау алаңын ашып, ет өнімдерін өңір мен шет елге шығаруға өз үлестерін қосуда. Қазір мұнда 150 басқа дейін мүйізді  ірі қара бар. Субсидияның да көмеген көрген. Бордақыланған бұқалар аудан аймағынан басқа, Алматы және Түркістан облыстарына және Меркі аулында орналасқан ет комбинатына өткізіледі. Жем-шөп қоры жеткілікті. Шаруашылықтар оны өздеріне  тиесілі 350 гектар жерден жеткізеді. Енді олар үкіметтің қант қызылшасын өркендету жөніндегі бағдарламаға да өз үлестерін қоспақшы.

Жалпы Меркі ауданы бойынша етті шетке шығару үкіметтік жоспар 110 пайызға орнындалған. Ең бастысы жергілікті жерде ет комбинаты ашылуы шаруалардың да жұмысын еселей түсуге сеп болыған. Жұмыстарын жылдан жандандырып жатқан шаруалар  малдың санына емес, сапасына мән беруде. Соның арқасында асыл тұқымды мал басы да артып келеді.

Бүгінде, малды асылдандыруға арналған бағдарламалардың шапағатын көріп жатқан шаруалар көп. Соның арқасында төрт түлік те түгенденіп, бәсекелестікке қабілетті өнім де өркендеп келеді.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.