Таразда кикбоксингтен республикалық турнир өтті

0 3

Таразда шығыс жекпе жегінің шеберлері жиылды. Дәстүрлі республикалық турнир жасөспірімдер арасында өтті. Бұл дода әлемде кең таралған спорт түрінің біздің елде де дами түсуіне жола ашады дейді мамандар. Соңғы жылдары елімізде қарқынды дамып келе жатқан бұл спортқа жастар көптеп келуде.

Республикалық турнирге кикбоксингті жанына серік еткен 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер қатысты. Жарысқа 8 облыстан және Өзбекстаннан келген 150 спортшы өзара кім мықтыны анықтады.

Жамбыл облыстық кикбоксинг федерациясының қолдауымен өткен жарыс Кеңес одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы мен Иван Панфиловты еске алуға арналды. Қатысушылар 51 келіден бастап 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

Турнир аясында әлемдік аренада ел даңқын шығаратын талантты спортшы жастар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.