Жамбыл облысында өткен жылы 1310 заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен

0 1

2018 жылы Жамбыл облысы аумағында 1310 заңды тұлға мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдік есептік тіркеуден өткен (оның ішінде -1051 электрондық тіркеу). Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Даурен Дайрабаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Даурен Жигулиұлының айтуынша, Әділет органдарының негізгі бағыттарының бірі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу болып табылады. 2018 жылдың 7 айында 39 697 жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілді, оның ішінде ХҚКО арқылы түскен құжаттар бойынша 29 776 тіркеу, 9 921 тіркеу электрондық түрде.

Сондай-ақ, Әділет органдарының негізгі қызметтерінің бірі ол мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету. Осы орайда, 184 адвокат Департаментпен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша келісім шарт жасаған. Ал 10 971 адамға заңда көрсетілген жағдайларға байланысты тегін заң көмегі көрсетілген.

Тағы бір жаңалық. Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2019 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы бойынша» жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес, Департаментпен және барлық аудандық /қалалық/ Әділет басқармаларымен ауқымды іс-шаралар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Әділет департаментінің азаматтарды қабылдау кестесіне өзгерістер енгізіп, күнделікті қабылдау жүргізудемін. Мен секілді орынбасарларым мен бөлім басшылары да жүргізеді. Одан бөлек, біз әлеуметтік желілерге тиісті аккаунттар (парақшалар) ашылған, азаматтарды толғандыратын сауалдарға жауаптар беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.