Облыста жалпы 82 жеке сот орындаушылары қызмет атқарады

0 8

Жамбыл облысында қазіргі таңда барлығы 82 жеке сот орындаушылары өз қызметтерін атқаруда, оның ішінде Тараз қаласы 56 жеке сот орындаушысымен, ал облыстың барлық аудандары 26 жеке сот орындаушыларымен қамтылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Даурен Дайрабаев мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикердің сөзінше, Жамбыл облысы Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылдың 11 мамырдағы №531 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Осы орайда өткен жылы Департамент зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 6 тексеру жүргізді, оның ішінде 5 тексеру тауар таңбаларын пайдалану туралы Заңның талаптарын сақтау және 1 тексеру авторлық және сабақтас құқықтар саласы бойынша. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша 5 құқық бұзушылық анықталды. ӘҚтК 158 бабы бойынша 4 әкімшілік өндіріс қозғалды, 1 (авторлық және сабақтас құқықтар саласы бойынша) тексеру нәтижелерінің материалдары процесуалды шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы Ішкі істер департаментіне жолданылды, соттың шешіміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 4 тұлға тартылды.

Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 15 695 теңгені құрайтын контрафактілік өнімнің 119  данасы тәркіленген.

Жиын соңында Даурен Жигулұлы биылғы жылға қойып отырған басым міндеттерге тоқталып өтті.

«Біріншіден, Елбасының халыққа жолдауын жүзеге асыру үшін Әділет министрлігінің жоспарында көрсетілген кешенді шараларды орындау. Екіншіден, Әділет министрі мен Әділет министрлігінің тапсырмаларын сапалы және де өз мерзімінде орындау. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу, арыз-шағымдарды болдырмау шараларын қабылдап, білікті мамандарды сапалы таңдау және жағымды жұмыс жағдайын қалыптастыру», — деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.