Тұрар Рысқұлов ауданында жастар еңбек ерімен кездесті

0 16

Тұрар Рысқұлов ауданында  «Еңбегімен ел таныған азамат» атты Еңбек ері Сайрамбай Дөненбаевпен кездесу өтті. Оған аудан басшылығы, ардагерлер мен жастар қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада мал шаруашылығын дамыту арқылы бүгінде ел мерейіне бөленіп жүрген азамат Сайрамбаев Дөненбаевтың адал еңбегі жұртшылыққа паш етілді. 1996 жылы «Шәушен» шаруа қожалығын құрып, бүгінде Жарлысу ауылының 220 тұрғынын жұмыспен қамтып отырған еңбек адамы желтоқсан айында Елбасының қолынан Еңбек ері атағын алған болатын.

Сонымен қатар, бүгінгі кездесуде сөз алған аға буын өкілдері Сайрамбай Дөненбаевқа өз туған жерін түлетуге ат салысқандығы үшін алғысын білдірді. Жарлысу елді мекеніне интернат пен балабақша салған шаруашылық жетекшісі басқосуда жастарға адал еңбек ету керектігін айтып, мемлекет ауылшаруашылығы саласымен айналысушыларға үлкен жағдай жасап отырғандығын жеткізді.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.