«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 30-31 қаңтарда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ал Тараз қаласында 30-31 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Тағы ескеретін жайт, «Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30-31 қаңтар аралығында Жамбыл облысында қатты жауын-шашын болжамына байланысты 30 қаңтар – 01 ақпан күндері таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.