Көне шаһарымыз күн өткен сайын жаңарып келеді — С. Канафина

0 1

2018 жылы Тараз қаласында бірқатар өзгерістер орын алды деп айтуға болады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Арай» алқабында 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй, 15 шағын ауданда 800 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйі, «Бәйтерек» мөлтек ауданында 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлері пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» мөлтек ауданында орналасқан №3 гимназия мектебінің құрылысы аяқталып, 1200 орынды жаңа мектеп, «Шөлдала» тұрғын алқабында №59 мектебінің 900 орынды, және №24 мектепке 300 оқушыға арналған жапсарлас ғимараттың құрылыстары аяқталып пайдалануға берілді.

Өткен жылы Қ.Рысқұлбеков және Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябақтарын, Желтоқсан аллеясымен темір жол бекеті алдындағы «Көне Тараз» скверін қайта жаңғырту және «Үшбұлақ» каналының жағалауына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, «Достық» алаңындағы және облыстық әкімшілік алдындағы әсем, сазды субұрқақтары қайта жаңғыртылып, «Жамбыл» ескерткіші облыс әкімдігі ғимаратының алдына орнатылды.

Екі мың жылдық тарихы бар көне шаһарымыз күн өткен сайын жаңарып, жасарып, қарқынды жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, жаңа келбетке ие болды. Бұл жұмыстар әрі-қарай өзінің жалғасын тауып, сүйікті шаһарымыз көркейіп, құт-мекеніміздің абыройы арта берсін.

Қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің құрылыс, транспорт, коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары мәселесі бойынша комиссиясының мүшесі Светлана Сызайқызы Канафина

Leave A Reply

Your email address will not be published.