Облыста жыл басынан қызылшаның 26 жағдайы тіркелген

0 0

2019 жылдың 1 қантардан бастап облыс аумағында қызылшаның зертханалық жолмен расталған 26 жағдайы тіркелді, оның көп жағдайында бас тарту және екпе алу жасына жетпеген 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Сағыныш Нұрқабылованың қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлердің айтуынша, бүгінгі күні облыстың әр аумағындағы қоғамдық денсаулық сақтаудың аумақтық қызметтерімен қызылша ауруының күнделікті мониторингі жүргізілуде. Облыста балаларды жоспарлы егуге және ошақтарда қатынаста болған тұлғаларды егуге қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы (ККП) вакцинаның жеткілікті қоры бар. Медицина қызметкерлері инфекциялық ауруларға қарсы алдын ала екпелерді, соның ішінде қызылшаға қарсы екпелерді алудан бас тартпауды ұсынып отыр.

Сондай-ақ, өңірде індеттің барлық ошақтарында қызылшаға қарсы екпе алмаған тұлғаларды анықтау және екпе жасау бойынша эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылған. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша 30 жасқа дейінгі, қызылшаға қарсы екпелері мен екпе алғаны туралы мәліметтері жоқ 48 адам егілді.

Айта кетейік, биылғы жылы Еуропа өңірі елдерінде қызылша ауруы бойынша жағдайдың ушығуы тіркелуде, онда 2018 жылдың 1-ші қарашасында аурудың 70 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Еуропа өңірінде қызылша ауруының, оның ішінде Қазақстанмен шекаралас жатқан елдерде тіркелуі, індеттің енуіне және елде ауру қоздырғышы айналымының өсуіне әкеліп соқтырды. Екпесі жоқ тұлғалардың болуы, қазақстандықтар арасында қызылша ауруының туындауына себеп болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.