Көкқайнар ауылында ауыз су, газ мәселесі шешіледі

0 2

Көкқайнар ауылында ауыз су, газ мәселесі шешіледі. Бұл туралы Шу ауданы әкімі Қайрат Досаев өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы  туралы есеп беру жиынында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Әуелі Ақсу ауылының тұрғындарымен кездескен аудан басшысы атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп, алдағы жоспарымен бөлісті.  Атап айтқанда, ауыл маңында Ақсу айдынын жағасы  бекітілгенін, ауыз су мәселесі қашан шешілетініне тоқталды.

Ауыл тұрғындарының бірі учаскелік полиция инспекторының жұмысын жүйелеуді сұрағанда, жергілікті полиция қызметінің бастығы  М.Саулебаев  жуырда аталмыш ауылдың инспекторы зейнетке шығады, оның орнына жас маманды жіберіп, көлікпен қамдаймыз деген жауап берді.

Өз сөзінде аудан басшысы бүгінгі таңда мал  ұрлығының  барлық ауылда белең алып тұрғанын, сол үшін ең бірінші әрбір тұрғын өздерінің мал қорасына, қоршауына мән беріп, барынша сақ болу керектігін ескертті.

Келесі жиын Көкқайнар ауылында өтті. Алдымен регламент бекітіліп, аудан басшысы мен ауыл әкімі атқарылған жұмыстарды баяндады.

Жиын соңы көкқайнарлықтардың сұрақтарына ұласты. Ауыл тұрғындары ауыз су, газ мәселесін көтерді.

Қайрат Әскербекұлы ауыз су үшін жобалық сметалық құжат дайындап, көлемді қаржыға сұраныс беру керек екендігін жеткізді. Мәселе оң шешімін тапқанда ауыз су жуық арада кіреді. Ал газ жыл соңына дейін кіріп қалады деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.