Шу ауданында Алға, Сауытбек ауылдары газдандырылуда. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Досаев 2018 жылы атқарылған жұмыстарға халық алдында есеп беру баяндамасында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Қайрат Әскербекұлының мәліметінше, бүгінде ауданда бүгінде 36 елді мекеннің 10 ауылы, атап айтсақ, Шу қаласы, Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем елді мекендері газдандырылған.
«Ал 18 ауылды (Абай, Мойынқұм, Жиенбет, Еңбек, Ақтөбе, Балуан Шолақ, Бәйдібек, Ақтасты, Бөлтірік, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар бекеті, Тасөткел су қоймасы, Аспара, Тасөткел, Жайсан, Оразалы батыр, Ақсу) газдандыру үшін магистралды газ құбырын жүргізуге энергетика басқармасы арқылы ЖСҚ әзірленді. Жоба құны 6 млрд. 492 млн. 970 мың теңге. Басқарма республикаға қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім өткізді. 2019 жылға республикалық бюджеттен 200000,0 мың теңге қаржы бөлініп, Шу қаласына баратын жоғарғы қысымды газ құбырына жақын 2 (Тасөткел су қоймасы мен Жайсан) елді мекеннің магистралды газ құбырын салу жоспарланып отыр», — деді аудан басшысы.