Шу ауданында ауыл шаруашылығы саласы 2018 жылы жалпы құны 45886,7 млн. теңгенің өнімін өндіріп, физикалық индекс көлемі 107,1 %-ды құрады. Оның ішінде егін шаруашылығы 28719,0 млн.теңге, физикалық индекс көлемі 108,8 %, мал шаруашылығы өнімі 17142,3 млн. теңге физикалық индекс көлемі 104,4%-ға жетті. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Досаев 2018 жылы атқарылған жұмыстарға халық алдында есеп беру жиынында айтты, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аудан басшысының сөзінше, өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1953,8 млн. теңгеге артып, 104,4%-ға орындалған.
Бүгінгі күнде ауданда мал басының саны ірі қара малы – 38951 бас, қой-ешкі – 319626 бас, жылқы – 13985 бас, түйе – 69 бас, шошқа – 596 бас және үй құстары – 88545 бас болып отыр. Мал шаруашылығы бойынша 38322,9 тонна сүт сауылып, өткен жылмен салыстырғанда 101,3%-ға орындалды, өндірілген ет 9606,3 тоннаға жетіп 105,6%-ға немесе 505,4 тоннаға көбейді. Ал алынған жұмыртқа 9935,0 мың данаға жетіп, 100,4%-ды құрады. Меркі ет комбинатына 42,4 тонна қозы еті, «Тараз ПОШ» ЖШС-на 21 тонна жүн өткізілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «АШҚҚҚ» АҚ-нан ауданнан 3 ШҚ 75 млн. теңге өтінім беріп, ол өтінімдер мақұлданды.
Биылғы жылдың он екі айында 415,4 млн. теңгеге 52 техника алынды, оның ішінде 38,98 млн. теңгеге 8 техника лизингке алынды.
Сондай-ақ, 2018 жылы су үнемдеу технологиясы 2855,5 гектарға пайдаланылды. Оның ішінде:
1. Тамшылатып суғару бойынша –2805,5 га (оның ішінде оның ішінде қант қызылшасы 7.5 га , бақша дақылдары 228 га, көкөніс дақылдары 2570 га.)
2. Жаңбырлатып суару бойынша – 50 га (50 га көп жылдық шөп).
Егілген жер көлемі 106411 гектар, оған қоса 29500 гектар жерге пар айдалып, пайдаланылған жер көлемі 135911 гектарды құрап, жер пайдалану 98,6 пайыз болды. Егін орағы бойынша 14680 га күздік бидайдан орташа өнім 25,1 ц/га, 38738 тонна бидай, 16286 га жаздық арпадан орташа өнім 24,6 ц/га 40075 тонна арпа жиналды, 1393 га дәндік жүгеріден 9061 тонна жүгері жиналып орташа өнім 65,05 ц/га. Бақша өнімдері 6806 гектардан орташа өнім 288,2 ц/га айналып, 196149 тонна өнім алынды, көкөніс 10258 гектардан орташа өнім 281,7 ц/га айналып, 289006 тонна өнім алынды, 10851 майлы дақылдардан орташа өнім 8,3 ц/га болып, 9035 т құрады, 33348 тонна картоп жиналды орташа өнім гектарына 258,5 центнерден айналды.
Айта кетейік, Шу ауданы бойынша жалпы аудан көлемі — 1203030 гектар, оның ішінде егістік — 146800 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32722 гектар, көп жылдық екпелер — 584 гектар, шабындық — 5486 гектар, жайылымдық — 926136 гектар. Сонымен қатар, бос, пайдаланылмай жатқан 1454 гектар бар, оның ішінде 415 гектар суармалы егістік, 834 гектар тәлімі егістік, 205 гектар жайылымдық жер телімдері мемлекет жер қорына қайтарылды.