Ақыртөбе ауылдық округінде қуаты 2,4 мг болатын «Биогаз станциясы» салынады

0 2

Ақыртөбе аймағынан неміс инвесторлары тарапынан қуаты 2,4 мг болатын «Биогаз станциясы» соғылып, 1,5 млрд. теңгенің инвестициясы тартылады. Бұл туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Қрықбаев атқарылған жұмыстарға халық алдында есеп беру баяндамасында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі Асқар Санатұлы Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Ақыртөбе және Малдыбай ауылы тұрғындары алдында есеп берді.

Есепті жиында ауыл тұрғындары тарапынан бұрыннан көтеріліп келе жатқан бірқатар сұрақтарға жауап беріп, шешілу жолдарымен таныстырды. Ауылға қазіргі қажеттілік — заман талабына сай соғылған мәдениет үйі. Сонымен қатар, Малдыбай ауылы тұрғындары Малдыбай орта мектебінің ғимаратының шағындығын ескеріп, жаңа мектеп құрылысын салуға ықпал ету туралы мәселе көтерді.

Ал Ақыртөбе ауылында ауыз су мәселесін алдағы жылдары шешу туралы да ескертілді. Аймақ тұрғындары атынан сөз алған А.Нарбаев, Ә.Сейтбеков, Г.Ножкина, Ә.Әбішев сынды ауыл тұрғындарының көкейкесті сауалдарына аудан әкімі нақты жауабын беріп, алдағы жыл жоспарларын баяндады.

Ауыл жұртшылығы әкім есебіне қанағаттанарлық деп баға беріп, ел игілігі жолындағы еңбегіне ризашылық білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.