Қарасу-Масанчи-Сортөбе жолы биыл аяқталады — Болатбек Байтөле

0 3

Ұзындығы 30,5 шақырым Қарасу-Масанчи-Сортөбе жолының орташа жөндеуіне республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы аяқталады. Бұл туралы Қордай ауданы әкімі Болатбек Байтөле Масанчи ауылының тұрғындары алдында атқарылған жұмыстарға есеп беру кезінде айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Халықтың қарасы көп жиылған жиын дәстүрге сай ауылдық округ әкімі И.Юбуровтың есебінен басталды. Өз баяндамасында ол Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында атқарылған тірліктерді жіпке тізді. Сондай-ақ, баяндамашы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жергілікті қауымдастықпен бірлесе атқарған ауқымды жұмыс жайында айтып өтті. Мәселен, көшелерді жарықтандыру үшін электр бағаналары алынып, Күнбатыс ауылында көше жарығы жөндеуден өткен. Сонымен қатар, көшелерге қиыршық тас төселіп, жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнымен қатар, өткен жылы іске асырылған маңызды іс-шаралардың қатарына 60 орындық Құран оқыту орталығының ашылуын қосуға болады.

Сонымен бірге, масанчилықтар интернет жылдамдығының баяулығы, ұялы байланыстың сапасына қатысты мәселелерді көтерді. Бұл бойынша мамандар жауап беріп, тиісті шаралар қолға алынатын болды.

Барлық ұсыныс-пікірлер ескерусіз қалмай, өз кезегімен шешілетін болады. Ауыл тұрғындары аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің жыл ішінде атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген бағаларын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.