Досбол ауылында газ құбырының құрылысы жүргізілуде
Досбол ауылдық округінде ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Көшер Жұмаділов көшесіне жарықтандыру жүргізіліп, биыл газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Сарысу ауданы әкімі Балабек Нарбаев Досбол ауылдық округі тұрғындары алдында 2018 жылы атқарылған жұмыстарға есеп беру барысында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аймақ тұрғындарының негізгі кәсібі — мал шаруашылығы. Мүйізді ірі қара — 2361 бас, қой-ешкі — 22714 басты құраса, жылқы — 572 бас, түйе 290 басты құрап отыр. Ауылдық округте мал шаруашылығын дамыту бойынша 1 шаруа қожалық ашылды. Оның 52 пайызы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. Соңғы үш жылда ауылдық округте бүгінге дейін 4 «Сыбаға» алынды, 2 инфрақұрылым объектісі салынды, ірі қара малын асылдандыруды 5 шаруашылық жүргізуде. Қой малын асылдандыруды 7 шаруашылық жүргізуде.
Сондай -ақ, өткен жылы «Лизинг» бағдарламасы бойынша ауылдық округте 2 трактор, 1 шөп шалғы алынды. Атап айтсақ, «Лизинг» бағадарламасы бойынша «Қанат – 2014» шаруа қожалығы МТЗ-82,1 тракторын(7,5 млн), Елдос – 2004» шаруа қожалығы МТЗ-1221 тракторын(13,5 млн), өз қаржысына «Таңат-84» шаруа қожалығы 1 шөп шалғы(косилька) сатып алды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламасы бойынша «Айару» шаруа қожалығы мен «Әбдісаттар» шаруа қожалығы 15 млн несие алып, қой малын өсірумен айналысуда.
Тағы айта кетерлігі, Шағалалы ауылына «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабы соғылып, 800 түп тал отырғызылды. Осы ауылға жаңа медициналық пункт соғылып, пайдалануға беріліп, жергілікті жерден 4 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.