Шаһар басшысы Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті

0 1

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов Ауған соғысының ардагері Қайрат Құралбекұлының, 1988 жылы Ауғанстан жерінде баласы қайтыс болған Амангелді Омаровтардың үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қайрат Үшбаев 1984-1986 жылдары Ауғанстанның Газни қаласындағы Марафи қалашығында жауынгерлік борышын өтеген. Ауған жерінде танк жүргізуші болған. Әскери борышын абыроймен өтеп келген Қайрат Үшбаев өзінің туған ауылында мал шаруашылығымен айналысқан. Бүгінде «Бәйтерек» мөлтекауданында ауған соғысының ардагері ретінде кезекпен алған 2 бөлмелі пәтерде тұрады.

Амангелді Омаровтың үлкен ұлы Нұрлан 1987 жылы әскер қатарына шақырылып, интернационалдық борышын Ауғанстанның Джалалабад қаласында өтейді. Ол жерде автокөлік ротасында әскери міндетін абыроймен өтеу барысында «Саланг» шатқалында Кеңес Одағы әскери колоннасы қоршауда қалып, шабуылға ұшырайды. Жанармай құйылған автокөліктің жүргізуші Нұрлан жауынгер жолдастарын аман алып қалу үшін, автолігімен бірге құзға құлап, мерт болады. Кеңес Одағының қатардағы жауынгері Омаров Нұрлан қаза болғаннан кейін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. Бүгінгі күнде туған жері Жамбыл ауданы,Тастөбе ауылында көше атауы берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.