Таразда студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

0 18

Тараз сервис және технология колледжінде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агентігі хабарлайды.

Аталмыш орталықтың ашылу салтанатына ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, «НұрОтан» партиясы Тараз қалалық филиалының өкілдері, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, студенттер қатысты.

Білім ордасынан ашылған орталықта мемлекеттік қызметтің 40-тан астам түрін алуға болады. Өңірдегі 6 колледжде ашылған орталық алдағы уақытта өзге де білім ордаларында пайдалануға берілетін болды.

Салтанатты жиын колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Абай Жүнісбековтің колледждің өндірістік оқыту базасын, студенттердің аспаз, даяшы, шашатараз, тігінші мамандықтары бойынша жинақтаған дағдыларын, оқу үдерісіндегі жетістіктері мен білім ордасының жаңалықтарын таныстыруымен жалғасты.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысқан Равиль Төлебаев колледж білімгерлерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.