Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары өткен жылы 108,1 пайызға орындалды. Өсу қарқыны 105,4 пайызды құрады немесе 4,4 млрд. теңге артық түсті. Бұл туралы бүгін «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Кеден бақылау басқармасының басшысы Артық Мұнайтпасов, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Тәуекелдер және талдау басқармасының басшысы Жанат Жұмаділованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 108,7 пайызды құрады, өсу қарқыны 91,3 пайызды құрап, 2,6 млрд. теңгеге кеміді. Ал кеден түсімдері бойынша — 109,0 пайыз немесе 404,3 млн. теңгеге артты.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттің кірістері бойынша жоспар 107,8 пайызға орындалып, 4,2 млрд. теңгеге артқан. Аудандық бюджет жоспардан тыс 2,7 млрд. теңгеге жеткен. Сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың желтоқсанында көлемі 176 млн. 062 мың доллар немесе 12,4% -ға өскендігі байқалған.
Ал экономикалық бақылау жұмысының нәтижесіне 2018 жылдың қорытындысы бойынша 9 761,2 млн. теңге қосымша резервтер қамтамасыз етілді. Оның ішінде бюджетке өндірілгені 7 692,5 млн. теңге, ақшалай түскені – 3 958,6 млн. теңгені құрады.
Сонымен қатар, қылмыстық істердің зиянының өтелуі бойынша бюджетке өндірілгені 1 229,3 млн. теңге болса, ақшалай түскені 244,3 млн. теңгені құрап отыр. Бұған қоса, 350,0 млн. теңгеге мүлікке шектеу қойылған. Ал мүлікке шектеу қойылу мәселесі өткен жылдың қорытындысы бойынша өтеу сомасы 1 594,7 млн. теңге немесе 70,9 пайызды құрап, жоспарлану мөлшерінен бөлек 2 228,2 млн. теңгені көрсетті.