Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы 1966 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Луговой жөндеу механикалық зауытында инженер-технолог, Луговой аудандық ЛКЖО комсомол комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы, «Путь коммунизма» колхозының, «Қуат» шаруа қожалығының есепшісі, «Қарақыстақ» өндірістік кооперативінің бригадир көмекшісі, бас инженері, «Нағыз» шағын кәсіпорнының директоры, «Мелиоратор» шағын кәсіпорнының шебері, Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының жетекшісі, Жамбыл облысы әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2013 жылдың желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.