Биыл өңірде 35,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр

0 5

Жамбыл облысында биыл  жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен  35,3 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Арубаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен 770 адам  2,5 жылдық кәсіптік даярлауға жолданады. Ал, қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 3113 адамды жолдау жоспарланды.

Сәкен Қаланұлының айтуынша, 2019 жылы 4810,4 млн.тегенің шағын несиесі 1453 адамға беріледі деп жоспарлануда (ауылда – 1303 адамға 4111,0 млн.теңге, қалада – 150 адамға 699,4 млн.теңге). Несиені кепілдендіруге – 303,9 млн.теңге, субсидиялауға – 31,7 млн.теңге, 43 адамға грантқа – 7,2 млн.теңге қаралды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 1500 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Бұдан бөлек, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 8561 адамды қамтуға 4641,7 млн. теңге бөлінді.

Тағы бір жаңалық. Биылғы жылы 1032 әлеуметтік жұмыс орындарын құру және 1565 түлекті жастар практикасына жолдау жоспарланса, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3677 адамды тату үшін 1205,0 млн. теңге  бөлініп отыр.

Ағымдағы жылы  әлеуметтік көмекке  жұмыспен қамту орталықтарына 172,0 мың адам жүгінеді деп күтілуде. Аталған әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 891,4 млн. теңге, республикалық бюджеттен 1810,2 млрд. теңге барлығы 2,7 млр. теңге қаралған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.