Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы 24 қарашадағы №265 бұйрығының 3-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейін аң аулауға тыйым салынатындығын хабарлайды.
Егерде, азаматтар аталған талаптарды орындамай заң бұзушылықтарға жол берсе, 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодексінің 382- бабына (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі