Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Ұлттық Банкінің бұрынғы төрағасы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне», — делінген хабарламада.
Білімі: 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтады (мамандануы – банк ісін ұйымдастыру).
Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.
1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде ҚР Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдар аралығында осы Департаментті басқарды.
2007 жылғы тамызда ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014 жылғы тамыз – 2015 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз – 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды.
ҚР Президентінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 109 Жарлығымен Д.Т. Ақышев ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы болып тағайындалды.
2019 жылдың 25 ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкінің төрағалығынан босатылды.
Дереккөз: baq.kz