Облыста ветеринария саласында 887 маман жұмыс істейді

0 0

Облыстағы ауыл шаруашылығы қызметінің бір саласы мал басының өсуіне, сақталуына және олардың өнімділігі мен импорттық әлеуетінің өсуіне өз үлесін қосатын ветеринарлық қызмет болып табылады. Ветеринария саласындағы негізгі қызмет аса қауіпті жұқпалы және энзоотиялық аурулардың алдын алу, аурулардың диагностикасы, адамдардың өмірі үшін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы жұмыстарды орындау үшін облыста 160 ветеринарлық пункті бар 11 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құрылды, онда 887 ветеринарлық маман жұмыс істейді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы жүргізіледі.

Анықтама: «Жануарлардың энзоотиялық аурулары-облыстардың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көріністермен, әлеуметтік-экономикалық залалмен сипатталатын жануарлардың аурулары»

Осыған байланысты, Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы №95 «Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» қаулысымен энзоотиялық аурулар тізімі бекітілді.

Анықтама: Тейлериоз-ірі және ұсақ қара малдың және кейбір жабайы жануарлардың жіті немесе өткір трансмиссивті ауруы, сыртқы лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, тұрақты түрдегі қызбамен, жүрек-тамыр жүйесі мен ас қорыту органдары қызметінің күрт бұзылуымен, шырышты қабықтар мен ішкі мүшелердегі көптеген қан құйылуымен, арықтауымен және жоғары өліммен сипатталады. Тейлериоз-күйіс жануарларының қан паразитарлық ең қауіпті ауруларының бірі. Ол шаруашылықтарға айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Шығындар жоғары өлім — жітіммен (40-80 %), аборттармен, бедеулікпен, сүт өнімділігінің төмендеуімен, сиырлардың құрғауымен, ет сапасының төмендігімен анықталады. Тейлериозбен ауырған тұқымдық бұқаларда жыныстық белсенділігі жоғалады, сперматогенез бұзылады.

Инвазияның көзі ауру жануарлар және тейлерия тасымалдаушылар болып табылады. Ірі және ұсақ малдардың барлық тұқымдары ауырады, сондай-ақ буйволдар да сезімтал. Ірі қара малдың қоздырғыштарын таратушылар кенелер болып табылады. Жануарларға кенелер дамудың барлық белсенді фазаларына шабуыл жасайды. Олардың биотоптары дала және тау бөктеріндегі тың жайылымдар болып табылады.

Сенімді профилактикалық іс-шара ірі қара малды егу болып табылады.

Сальмонеллездер — бактериялық аурулар тобы, әсіресе, ауыл шаруашылығы және кәсіптік малдардың төлдері, қызбаның жіті ағымы, септицемия, токсикоз және ішектің зақымдануы, ал созылмалы жағдайда-өкпенің қабынуымен сипатталатын. Ересек жануарларда (сиырлар, биелер, қойлар) ауру аборттармен көрінеді.

Жылқы сақауы — жылқының жіті жұқпалы ауруы, Негізінен құлын ауруы, әдеттегі жағдайларда қызбамен, мұрын қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының іріңді қабынуымен, кейіннен жамбас асты лимфа түйіндерінің іріңдеуімен және абсцедирленуімен сипатталатын.

Жылқы сақауы — экономикалық елеулі залал келтіреді, құлын дамуының уақытша бұзылуымен, ересек жылқылардың жұмысқа қабілеттілігін жоғалтумен, емдеу-алдын алу іс-шараларын өткізу шығындарымен байланысты.

Жамбыл облысының әкімдігі энзоотиялық аурулармен күресу мақсатында жыл сайын ірі қара малдың тейлериозына, жылқы сақауына және ауыл шаруашылығы жануарларының сальмонеллезіне қарсы вакциналар сатып алу үшін ақшалай қаражат бөледі.

Бекітілген тізбеге сәйкес ірі қара малдың тейлериозына, жылқы сақауына және ауыл шаруашылығы жануарларының сальмонеллезіне қарсы егу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

2018 жылы тейлериозға қарсы 233097 бас ірі қара мал, жылқы сабынына қарсы -130383 бас жылқы, сальмонеллезге қарсы 52500 бас ірі қара, 61500 бас жылқы, 947252 бас ұсақ қара мал, 6000 бас шошқа егілді. Бұл жұмыстар биылғы жылы да жүргізілуде.

Аудандар мен Тараз қаласының ауылдық округтерінде ветеринария мамандары жануарларды емдеу, аса қауіпті жұқпалы, энзоотиялық және басқа да жұқпалы емес аурулардың алдын алу, дезинфекциялық, дезинсекциялық (кенеге қарсы өңдеу) іс-шараларды жүргізу бойынша қызмет көрсететін ветеринариялық пункттер ашылды. Аса қауіпті жұқпалы және энзоотиялық аурулардың (вакцинация) алдын алудан басқа қызметтер жануарлар иелерінің есебінен ақылы негізде жүргізіледі.

Сондықтан, ветеринарлық көмек қажет болған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық пункттерінің ветеринариялық мамандарына жүгінуі керек.

Бердияров Оспан Ағабекұлы,

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.