Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды

0 7

Жамбыл облысына жаңа прокурор Жарқын Қуанышұлы Құсайынов тағайындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Е.Кененбаевпен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жаңа прокурорды облыс активімен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жарқын Құсайынов 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1993 жылы Бас прокуратураның істерін басқару кеңсесінің инспекторынан бастап, Алматы гарнизонының әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас әскери прокуратураның Бөлім прокуроры, аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры, Басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Басшылық лауазымдарда еңбек тәжірибесі мол. Алматы қаласы прокуратурасының Медеу, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура Департаменті Бөлімінің бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығы болды. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жеткен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Жарқын Құсайынұлы тағайындауға дейін Жамбыл облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.