Жаңатас қаласында 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

0 5

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жаңатас қаласында 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы №1 шағын ауданында орын тепкен аталмыш №5 үйге қайта жаңғырту жұмыстарын тараздық мердігер «Бер-Нур-Тараз» ЖШС-і жүргізген. Жобалық құны 195,1 миллион теңге. Нысан пайдалануға өткен жылдың 29-желтоқсанында қабылданған.

Мереке қарсаңында пайдалануға берілген тұрғын үйде бір бөлмелі -5, екі бөлмелі-35, үш бөлмелі — 20 пәтер бар. Аталған үйге қоныс аударатын адамдардың тізімі аудандық тұрғын үй комиссиясы тарапынан жасақталған.
Айта кетейік, Сарысу ауданы бойынша өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы 180 пәтерлі 2 арендалық үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріліп отыр.

Бұл үйлерден 92 аз қамтылған және 18 көпбалалы отбасына пәтер бөлінген. Оның ішінде бүгін берілген 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйден 8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 33 адам, 19 бюджеттік сала қызметкері (оның ішінде 5 қызметкер көпбалалы отбасына жатады) пәтер алып отыр.

Қосымша ақпарат:

  • Бүгінде облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 23 762 адам тұр.
  • 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына 12,7 млрд. теңге бөлінген.
  • Осы қаржылар есебінен 32 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, 38 инженерлік инфрақұрылым жобалары іске асырылуда.
  • Былтыр 1 673 пәтер пайдалануға беріліп, 4 654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.
  • Жалпы, жыл қорытындысымен 482,3 мың шм тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 21 пайызға артық.
  • Ал, 2019 жылға Бағдарлама аясында 23,5 млрд. теңге қаралған. Осы қаржы есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. 2019 жылы 27 үй тапсырылуы тиіс, 1 арендалық үй 2020 жылға өтпелі.
  • Ағымдағы жылы бюджет есебінен 1 970 адамды пәтермен қамту көзделіп отыр. Оның ішінде, кредиттік 21 үйден 1 460 пәтер (109 683 шм), арендалық 6 үйден 510 пәтер (36 192 шм).
  • Елбасы ағымдағы жылдың 27 ақпанында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасыларына арналған арендалық тұрғын үй құрылысына 50,0 млрд. теңге бөлу мәселесін тапсырған болатын.
  • Осыған байланысты, әкімдік тарапынан құны 5,6 млрд. теңгені құрайтын 710 пәтерлі 11 арендалық үйдің құрылысына республикалық бюджетті нақтылауда қаржы бөлу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, өтінім тапсырылды.
  • Алдын ала есептерге сәйкес, осы жобаларға ағымдағы жылы қосымша 3,1 млрд. теңге бөлінгелі отыр.
  • Облыс бойынша арендалық тұрғын үй кезегінде тұрған 23 762 адамның ішінде халықтың әлеуметтiк осал тобына жататын азаматтардың саны 13 436.
  • Облыс әкімінің бастамасымен, осы отбасыларын тұрғын үй кезегі жеткенге дейін жатақханамен қамту жұмыстары қолға алынуда.
  • Ағымдағы жылы осындай 6 жатақхананада 400-ге жуық аз қамтылған және көп балалы отбасын қоныстандыру жоспарланып отыр.
  • Олардың 3-уі Тараз қаласында, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында 1 жатақханадан. Келесі жылы Тараз қаласында 4 жатақхананың құрылысын жүргізу жоспарланған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.