Шу ауданы көктемгі дала жұмыстарын бастап кетті

0 0

Шулық диқандар көктемгі дала жұмыстарын бастап кетті. Қазір  шаруалар 500 гектар жерге арпа себуде. Несібесін жерден тапқан диқандар қамбаларын мол астыққа толтырып, жоспарлы межені орындап, жоғары өнім алуды көздейді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Биыл дала диқандары үшін егін егетін жердің көлемі де ұлғайған.Мәселен, өткен жылы аудан бойынша дақылдар 106 143 гектар жерге орналастырылса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 109 100 гектарға жетіп отыр. Жалпы алғанда ауылшаруашылығы мақсатындағы егістік жердің көлемі 139 706 гектарды құрайды. Ал былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1946 гектарға артқан.

Әлихан Балқыбеков, Шу ауданы әкімінің орынбасары:

— Жерде ылғал жеткілікті. Жалпы, аудан бойынша былтыр 17 мыңдай арпа себілсе, биыл одан да көп себіледі деп ойлап отырмын. 20 мың көлемінде арпа себілуі мүмкін.

Аудандағы белсенді ұжымның  бірі-  «Ынтымақ» шаруа қожалығы. Өткен жылғы күздік егістің 500 гектар жеріне бидай ексе, 500 гектарына арпа себуде. Аталған қожалықта 20-ға жуық техника бар. Егіс алқабында тағы 4 су жаңа техника жұмылдырылған.

Аян Әлдибаев, Шаруа қожалығының инженері:

— Өнім жақсы. Былтырғы бидайымыз мен арпамыз жақсы болды. Биыл да Алла бұйыртса жақсы болады деп отырмыз.

Тынымсыз еңбектің арқасында егінін теңіздей тербелтетін  шулық шаруалар, жыл сайын жемісті еңбек етіп, мол өнім жинайды. Биыл су тапшылығы болмаса ырысты жыл болады деген үміт бар.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.