Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

0 0

eGov порталында жарияланған мәліметке сәйкес, мамыр айында 20 жұмыс күні 11 демалыс күні болады. 

Егер мемлекеттік мереке демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі )түссе, онда демалыс күні бір күнге алға жылжиды.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, мереке күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2019 жылғы 4 мамыр күнгі демалыс 10 мамыр жұма күніне ауыстырылады.

Қазақстандықтар 4 мамыр күні жұмыс істеп, 10 мамырда демалады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.

Жалпылай айтқанда, мамырдың 1, 7, 9, 10 күндері демалыс күні саналады. Оған сенбі-жексенбі күнгі демалыстарды қосқанда барлығы 11 күн демалыс шығады.

Дереккөз: stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.