Қазақстан Президенті іссапармен Ресейде

0 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды. Бұл туралы РИА Новости жазды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде шетелге алғашқы сапарын Ресейге жасады.

Президент борты «Внуково-2» әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де келді.

Басқышта Мемлекет басшысын Ресей Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды.

Ал құрметті қарауыл екі елдің әнұранын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі мәдени-гуманитарлық, саяси, сауда-экономикалық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.